Әртүрлі

Елордада «маньяк» жүр: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде елордадағы «Көктал» шағын ауданында «маньяк» пайда болып, жасөспірімдерге шабуыл жасап жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Желіде тараған ақпаратта белгісіз ер адамның суреті де бірге берілген.

«Көкталда жасөспірімдерді асып кетіп жатыр, 4 құрбан бар»,- делінген хабарламада.

фото: әлеуметтік желіден

Алайда Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

«Көктал шағын ауданында жасөспірімдерге шабуыл жасайтын маньяк туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Елордадағы жағдай бақылауда»,- деп жазылған полиция хабарламасында.