Әртүрлі

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік елден шығарылды

Астанада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Әкімшілік соттың шешімімен 70-тен астам шетелдік азамат елден шығарылды. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік 33 жастағы азаматты анықтады. Ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Мигрант ҚР шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберілді. Полицейлер шетелдікті әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді, - делінген хабарламада.