Әртүрлі

Елордада геоаналитикалық зертхана салынады

Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Министрлік Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмаларын орындауға кірісті. Жер қойнауының цифрлық карталарын жасауға тоқталсам, биыл Үкімет резервінен екінші дәрежедегі геологиялық түсірілімге арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге қаражат бөлінді. Аталған жұмыстар аясында арнайы ғарыштық талдау және басқа да деректерді қамтитын заманауи геологиялық карталар дайындалады. Бұл жұмыс келесі жылы басталады. Халықаралық деңгейде геологиялық зертхана құру үшін бүгінде әлемге танымал  екі ірі зертханамен геоаналитикалық зертхана ашу келісіміне қол қойылды. Зертхана Астанада салынады. Оған арнайы жер учаскесі бөлініп, оның базасында керн және қор сақтау қоймалары болады. Қазіргі таңда жобалау және барлау жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр»,- деді министр.