Елордада биыл екі бала суға кетті
Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында шомылу кезінде су айдындарында қауіпсіз демалуды ұйымдастыру шаралары туралы талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ренат Смағұлов биыл балалар өлімінің екі оқиғасы тіркелгенін айтты. Ал соңғы үш жылдың ішінде елордада 23 адам суға батып кеткен, оның 11-і бала.
Оның айтуынша, департаменттің жедел күштері мен құралдары әрдайым тұрақты жауынгерлік дайындықта болады. Күнделікті патрульдеу 40 құтқарушы-сүңгуір, 2 бірлік сүңгуірлік жарақтары бар жедел-құтқару техникасы және 8 бірлік жүзу құралдарымен жабдықталған.
Сала мамандары су айдындарында адам өлімінің алдын алу бағытында кешенді шаралар жүргізуде.
-->Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ренат Смағұлов биыл балалар өлімінің екі оқиғасы тіркелгенін айтты. Ал соңғы үш жылдың ішінде елордада 23 адам суға батып кеткен, оның 11-і бала.
«Суға кетудің басты себебі – қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Атап айтқанда, су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде шомылу, мас күйде суға түсу және балаларды су маңында ересектердің қарауынсыз қалдыру. Құтқарушылар суға түсу маусымы басталғалы қаланың су айдындарында 2 адамды құтқарды. Оның біріне төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары патрульдеу кезінде көмек берсе, екіншісін ҚР ҰҰ 5573 әскери бөлімінің сарбазы құтқарды, - деді Ренат Смағұлов.