Әртүрлі

Елордада 6 жекеменшік мектеп білім беру қызметіне бас лицензия алды

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Жаңа оқу жылына дайындық барысы» тақырыбында өткен брифингте қалалық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кенжегүл Бекимова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, бірінші кезектегі міндет - оқу үдерісіне қатысушылардың барлығының денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмей, оқу жылын бастау.

Жалпы мониторингпен қамтылған мектептердің барлығы лицензияланған күзет қызметімен, дабыл түймелерімен қамтылған, мектепке кіруді бақылау және басқару жүйелері орнатылған, iшкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ елордада алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін басқа да  мектептер бойынша жергілікті атқарушы органмен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және күрделі жөндеуді жүргізу кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланып отыр.

Осыған орай білім басқармасымен бірлесіп, күнделікті білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарының жүргізу барысы қадағаланып отыр.

Биыл  2 мемлекеттік (Астана қаласы әкімдігінің № 95,96  мектеп-гимназиялары) және  6 жекеменшік («Vista school», «Urban school», «Perspective school», «Saqr Bin Mohammed Al Qasimi», «3D club», «Уорлдвайд  эдукейшн») мектептер бас лицензия алды.

Басшының айтуынша, департамент мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының мониторингісін ары қарай жалғастырады.

-->

«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының білім алушылардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуді бақылау мақсатында берілген тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарының жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен Астана қаласындағы тәуекелді 20 мектеп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 3 мемлекеттік мектеп қамтылды» - деді басшы.

Оның айтуынша, бірінші кезектегі міндет - оқу үдерісіне қатысушылардың барлығының денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмей, оқу жылын бастау.

«Осы ретте білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету мәселесі мұқият назар аударуды қажет етеді. Осыған орай  мониторинг барысында мектептерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету (жаңа модификация кабинеттері, интерактивті тақталар, панельдер, жұмыс техникасы кабинеттері, спорт залы, асхана, жылы дәретханалар және т. б.), мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету (лицензияланған күзет, турникеттер, дабыл түймелері, бейнебақылау жүйелерінің iшкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылу) және т. б. мәселелер зерделенді» - деді Кенжегүл Бекимова.

Жалпы мониторингпен қамтылған мектептердің барлығы лицензияланған күзет қызметімен, дабыл түймелерімен қамтылған, мектепке кіруді бақылау және басқару жүйелері орнатылған, iшкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта қала бойынша 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Ұсынылған құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу туралы шарттары мен ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша өндірістік жұмыс кестелеріне сәйкес жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімдері 2 мектепте (№29,31) тамыз айының соңында болса, №41 орта-мектепте қазан айына жоспарланған, алайда оқу жылының басталу қарсаңында жөндеу жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде. Мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілуде, олардың жүргізілу барысы Білім басқармасымен қадағаланып отыр және Департаменттің бақылауында» - деді спикер.

Сондай-ақ елордада алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін басқа да  мектептер бойынша жергілікті атқарушы органмен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және күрделі жөндеуді жүргізу кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланып отыр.

«Астана қаласы әкімдігінің №25 орта мектебіне техникалық зерттеу нәтижесінде биыл шілде айында ғимараттың тозуына және апаттық жағдайда болуына  байланысты ғимаратты бұзу ұсынылады деген қорытынды берілген. Ұлттық білім берудің бірыңғай деректер базасына сәйкес 1506 білім алушыны жаңа оқу жылында қайта бөлу мәселесі туындап, білім басқарамасының шешімімен аталған №36 мектептің ғимаратына көшірілуде.  Департамент тарапынан әкімдікке оқу жылы басталғанға дейін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмайтын білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдап, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін білім алушылардың уақытша орналасу орындарын ұйымдастыру ұсынылды» - деді К.Бекимова.

Осыған орай білім басқармасымен бірлесіп, күнделікті білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарының жүргізу барысы қадағаланып отыр.

Биыл  2 мемлекеттік (Астана қаласы әкімдігінің № 95,96  мектеп-гимназиялары) және  6 жекеменшік («Vista school», «Urban school», «Perspective school», «Saqr Bin Mohammed Al Qasimi», «3D club», «Уорлдвайд  эдукейшн») мектептер бас лицензия алды.

«Бүгінгі күні жаңа оқу жылында білім беру қызметін лицензиясыз бастау қаупі бар 1 мемлекеттік мектеп бар. Ол – №97 мектеп-гиманазиясы.  Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің № 5 мектеп-гимназиясына биыл 9 қаңтарда қосымша құрылыс нысаны қолданысқа берілген. Ғимаратта 600 бастауыш сынып оқушылары білім алады. Алайда бүгінгі күнге дейін ғимартқа техникалық акт, нормативтік талаптарға сәйкес рұқсаттама қорытындылары алынбаған. Қыркүйек айында лицензиясыз және лицензияға қосымшасыз қызметін бастаған мектептер анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады (ҚР ӘҚБтК 463-бабы). Бұл мәселе бойынша департамент тарапынан білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті хабарламалар жолдап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді» - деді басшы.

Басшының айтуынша, департамент мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының мониторингісін ары қарай жалғастырады.