Әртүрлі

Елорда имамдары біліктілігін арттырды

Елордада Астана қаласы бойынша ҚМДБ имамдары мен ұстаздарының білімін жетілдіруге бағытталған «Жаһандану заманындағы ислам мәдениеті» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлады Elorda.info    

Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырған іс-шараға елордадағы 15 мешіт имамы мен ұстаздары қатысты. 

 Семинардың алғы сөзін Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтап, дәстүрлі ислам дінін насихаттау және осы жолдан тайып кеткен азаматтарды дұрыс бағытқа салуға арналған 4 жобаны таныстырудан бастады. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыс басқармасының басшысы Мейіржан Нұрмұханбетов діни бағытта да медиасауаттылық ұғымының маңызды екенін атап айтты. 

      ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов бүгінде елімізде 5 бағытта жұмыс істейтін діни басқарманың қызметіне тоқталды. 

«Исламдық зерттеулер орталығы» ҚҚ атқарушы директоры, дінтанушы Балғабек Мырзаев «Діни контенттердің діни сауаттылықты қалыптастырудағы орны» тақырыбында баяндама жасады. Ал Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Адия Романова Қазақстандағы діни қызмет саласындағы заң баптары мен талаптарын талқылады. Іс-шараға қатысушыларға Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының теологы Исатай Бердалиевтің «Әл-Ихтияр» атты еңбегі және семинардың біліктілік арттыру бойынша сертификаттары берілді. 

Райхан РАХМЕТОВА

-->

 Діндерді зерттеу орталығында ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша 7 топ құруды көздеп отырмыз. Бұл топта қазір 6 теолог жұмыс істеп жатыр екен, соның орнына 14 белсенді имам алу керек. Қаланың 5 ауданында бір-бір топтан, сонымен қатар қалалық және мобильді топ болады. Одан бөлек діни медиа орталық ашу жоспарлануда. Жалпы діни бағытта дәстүрлі исламды насихаттауға бағытталған контентті толтыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізу керек, - деді Қ. Көшқалиев. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыс басқармасының басшысы Мейіржан Нұрмұханбетов діни бағытта да медиасауаттылық ұғымының маңызды екенін атап айтты. 

 Әлемдік трендтер дінді де айналып өткен жоқ. соның ішінде медиасауаттылық деген ұғым тренд болып қалыптасты. Жалпы медиасауаттылық деген ұғымды көбі БАҚ-тағы ақпараттарға қатысты деп ойлайды. Олай емес. сіздердің жүргізіп жүрген уағыз-насихатыңыз, әлеуметтік желідегі жұмыстарыңыз, пост жариялауыңыз, интернет кеңістікті пайдалана отырып ақпарат таратуыңыздың бәрі медиасауаттылық болып саналады, - деді ол. 

      ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов бүгінде елімізде 5 бағытта жұмыс істейтін діни басқарманың қызметіне тоқталды. 

Сол бағыттардың бірі – дәстүр. Ағым деген бірі кетсе бірі келе береді. Біздің міндетіміз – ата-бабамыздан мұра болып қалған өзіміздің дініміз, дәстүріміз, тіліміз бен тарихымызды сақтап, қорғап, келер ұрпаққа жеткізу. Дәстүр жоғалса, халық та жоғалады. Біздің дәстүріміз өзгеше. Жалпы қазір қазақта 300-ге жуық дәстүр бар екен. Алайда  дәстүрдің озығы бар, тозығы да бар демекші, соның ішінде қайсысы дұрыс немесе бұрыс екенін анықтап алу керек, - деді С. Шоқанов 