«Elorda Aqparat» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
«Elorda Aqparat» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің кезекті ішкі аудитінің нәтижелерін талқылайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына, 2016 жылғы 19 қазандағы №12 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, 2021 жылғы 7 сәуірдегі әдістемелік ұсынымдарға және оларды Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында өткізудің 2024 жылға арналған кестесіне сәйкес «Elorda Aqparat» ЖШС қызметіне осы жылдың 2 маусымынан 17 шілдеге дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі аудитін жүргізу туралы шешім қабылданды.
ВАКР нәтижелерін талқылауы 9 шілдеде өтеді. Естеріңізге сала кетейік, ішкі талдау аудит бойынша қорытынды анықтама дайындауды; оның нәтижелерін талқылауды және жариялауды көздейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда тиісті қызметтерге ұсынымдар және оларды жою жөніндегі жоспар дайындалады.
Айта кетейік, алдыңғы аудит 2023 жылдың жазында жүргізілді.