Елордаға келген студент білуі керек 10 кеңес
Жаңа оқу жылы таяп қалды. Мектептен түлеп ұшқан түлектер санулы күндерден соң студент атанып, жаңа ортаға қосылады. Көбі өзі туып-өскен өңірден басқа қалаға оқуға кетеді. Жаңа қала, бейтаныс ортаға оқуға келген студенттер күнделіті тіршілікке тез бейімделіп кетуі үшін алғашқы кезекте нені білу керектігін біле бермейді. Elorda.info тілшісі Астанаға оқуға келген студенттің білуі керек кеңестер туралы топтама ұсынады.
1.Қоғамдық көлік туралы
Астанада қоғамдық көлік жолақысы – 90 теңге. Жолаушылар автобусының бірнеше жерінде жабыстырылған QR парақша арқылы онлайн төлем жүргізуге болады. Одан бөлек, көлік картасы арқылы валидация жасалады. Тек картада жеткілікті қаражат болу керек. Көлік картасы туралы толық ақпаратты Transcard.kz сайты арқылы біле аласыз.
2.Кітапханалар
Елордада 20-ға жуық кітапхана бар. Олардың ішінде Ұлттық академиялық кітапхана, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының орны ерекше.
3.Кинотеатрлар
Студенттік шақты кинотеатрсыз елестету мүмкін емес. Астанада 15 кинотеатр бар. Олардың көбі қаладағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Елордалық студенттер студенттік билет көрсету арқылы билет құнына белгілі бір пайызда жеңілдік ала алады.
4. Көрікті орындар
Астана өзінің әсем сәулетті құрылыстарымен кез келген адамды таң қалдырады. 1997 жылы елорда мәртебесін алғаннан бері қала түбегейлі өзгерді. Елордаға алғаш келген жан міндетті түрде Бәйтерек монументіне барады. Тәуелсіздік алаңында серуендеп, ЭКСПО мен Қазақстан Ұлттық мұражайын тамашалауға болады. Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорда да қалаға сән беріп тұр.
5.Мұражай мен театрлар
Студент кезде көбі оқу бағдарламасы немесе жеке қызығушылығына байланысты мұражай мен театрларға жиі барады. Мәселен елордада 8 музей бар. Студенттер ең бірінші «Ұлттық мұражай», «Тұңғыш Президент мұражайы», «ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайын» тамашалау керек деп есептейміз. Одан бөлек қалада 10 театр бар. Қойылымдар туралы алдын ала театрдың әлеуметтік парақшасынан және онлайн билет сату жүйесінен білуге болады. Бұл жерде де студенттер үшін жеңілдік қарастырылған.
6.Сауда-ойын сауық орталықтары
Елордада 15-ке жуық сауда ойын-сауық орталығы бар. Қала тұрғындары, әсіресе «Керуен», «MEGA Silk Way», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Abu Dhabi Plaza», «Asia Park», «KeruenCity» орталықтарында жиі болады. Онда тұрғындардың сауда жасауына, тамақтануына және отбасымен демалуға мүмкіндік жасалған.
7.Коворкинг орталықтар
Студенттер қауымы үшін кітапхана мен коворкинг орталықтары таптырмас орын. Бірі мұндай орындарда дәріске дайындалса, кейбірі студенттер тобын жинап, қызықты тақырыптарды талқылайды. Бірақ коворкинг орталықтарының ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Елордада мұндай коворкинг орталықтардың саны 25-тен асады. Олардың бірқатары тегін болса, бірі жұмыс істеу уақытына қарай ақылы негізде.
8. Бос уақытта қайда серуендеуге болады?
Астанада бос уақытта серуендеп, демалуға болатын саябақ пен шағын скверлер көп. Олардың ішінде «Ботаникалық бақ», «Орталық саябақ»,»Триатлон парк», «Ататүрік», «Жерұйық» саябақтары аумағы бойынша үлкен әрі көрікті болып есептеледі. Студенттердің көбі Орталық саябаққа жиналып, ән салып және дәмді тамақтануды жөн көреді.
9. Пайдалы мобильді қосымшалар
Күнделікті өмірде мобильді қосымшалардың пайдасы көп. Елордада да мұндай қосымшалар көп. «Smart Astana» қала тұрғындары мен қонақтарына онлайн сервистерді тегін пайдалануға мүмкіндік беріледі. «2ГИС» қосымшасына кез келген мекенжайды жазу арқылы оған жету жолын табуға болады. Онда автобус бағыттарынан бөлек, түрлі ұйым, мекеме «Ikomek6» қосымша арқылы тұрғындар маңызды хабарламалар алады. Сондай-ақ, тұрғындар 109 нөміріне хабарласып, тұрғын үй, жарық, ауыз су, автобус сияқты түрлі тақырыптарға байланысты жауап ала алады. «CTS» қосымшасында қоғамдық көліктердің жүру бағыты туралы ақпарат бар. Велосипед пен электросамокат жалға алу үшін Jet, Whoosh, Astana Bike қосымшаларын пайдалануға болады.
10. Елорда жаңалықтарын қайдан оқуға болады?
Астанаға қатысты жаңалықтарды бірінші болып Elorda.info сайтынан білуге болады. Сайттың әлеуметтік парақшалары да бар. Сондай-ақ, «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерін оқуға кеңес береміз.
-->1.Қоғамдық көлік туралы