Елімізге Израильден улы парацетамол тасымалданғаны рас па?
Қазақстандықтар арасында әлеуметтік желіде Израильде жасалған өлімге әкелетін парацетамол дәрілері отандық дәріханаларға жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Оның фейк екені белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Дене қызуын түсіретін дәрі туралы мұндай ақпарат 2019-2020 жылдары тараған. Деректерге сай суреттерде көрсетілген препарат Израильде емес, Үндістанда өндірілген болып шықты. Мұны дәрі-дәрмектің қаптамасындағы «Apex» өндірушінің атауынан байқауға болады. Және бұл дәрінің қауіпті емес екені де анықталды.
-->Дене қызуын түсіретін дәрі туралы мұндай ақпарат 2019-2020 жылдары тараған. Деректерге сай суреттерде көрсетілген препарат Израильде емес, Үндістанда өндірілген болып шықты. Мұны дәрі-дәрмектің қаптамасындағы «Apex» өндірушінің атауынан байқауға болады. Және бұл дәрінің қауіпті емес екені де анықталды.