Еліміздің мешіттерінде Ораза айт мерекесіне орай іс-шаралар өтіп жатыр
Бүгін ел мешіттерінде айт намазы оқылып, мұсылмандардың ұлық мейрамына орай мерекелік іс-шаралар басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешітте ұйымдастырылған ұлттық ойындарды тамашалап, айтқа келген балаларға тәттілер табыстады.
Мұсылмандардың ұлық мерекесіне орай ұйымдастырылған игі іс-шаралар еліміздің мешіттерінде жалғасын тапты.