Еліміздің мәдениеті мен тарихын танытатын жаңа сайт таныстырылды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Qazaq culture» сайты әзірленді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева ҚР ОКҚ алаңында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық-танымдық платформасын құрудағы басты мақсаты – елдің мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті таныту. Бұл сайт Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы тың мәлімет тарататын ақпарат көзіне айналмақ.
Сайттың негізгі бөлімі – елдегі, әлемдегі барлық мәдени жаңалықтардан хабардар ететін жаңалықтар блогі. Бұл бөлімде қызықты фестивальдер, жәрмеңкелер, конкурстар, сондай-ақ театр қойылымдары мен отандық кинокартиналардың премьералары, танымал және жас жазушылар кітаптарының тұсаукесерлері, көрмелер, мерейтойлық мерекелер, түрлі көлемдегі өңірлік жобалар жарияланады.
-->Оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық-танымдық платформасын құрудағы басты мақсаты – елдің мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті таныту. Бұл сайт Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы тың мәлімет тарататын ақпарат көзіне айналмақ.
Еліміздегі мәдени мұраның сан түрлілігін көрсететін ауқымды жоба БҰҰ-ның 6 тілі және қазақ, түрік тілдерінде ақпарат таратады. Ақпараттық порталда Қазақстанның бірегей мұрағат қорының дерегі ерекше орын алып отыр. Бұл ресурс Қазақстанның құжаттары мен мұрағат материалдарының бай тарихи жинағына қол жеткізуді қамтамасыз ететін бөлім – еліміздегі зерттеушілерге және елдің өткенінен хабардар болғысы келетін барлық азаматтарға таптырмас ресурс болып табылады, – деді Э.Жүргенбаева.