Еліміздің ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болады
Астана, Алматы мен Шымкенте бүгінгі ауа райы қандай болатыны туралы OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін Алматыда аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с болмақ.
Астанада аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін жетіп, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,5 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық. Күндіз термометр бағаны 3 градусқа дейін жетіп, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с деңгейінде болмақ.