Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады Elorda.info
Тек елдің солтүстігінде, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте кей жерлерінде жауын-шашын болады. Кейбәр жерлерді тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.