Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9-11 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар мен жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.
Аптаның соңына қарай түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 2 градустан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.
-->Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар мен жаңбыр жауады.
Оңтүстікте 9 қарашада, батыста 10 қарашада, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада республиканың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, – делінген хабарламада.