Әртүрлі

Еліміздің барлық аумағында теледидар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Биыл 5 наурыздан бастап Қазақстан бойынша телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазтелерадио» сайтына сілтеме жасап.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін ескертті. Бұл телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында жасалады.

 «2025 жылғы 5 наурызда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - деп жазды «Қазтелерадио» ресми сайтында.

.