Әртүрлі

Еліміздің 8 өңірінде жол жөндеу маусымы басталды

Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Қайта жаңарту жұмыстары бес күре жолда жалғасын тапты. Олардың қатарында  "Атырау-Астрахан", "Қарағанды-Балқаш", "Меркі-Бурылбайтал", "Күрті-Бурылбайтал", "Талдықорған-Өскемен" автожолы бар. 

QazAvoJol–дың мәліметінше, тағы 18 республикалық маңыздағы тасжолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мәселен, биыл "Сарыөзек-Көктал" (45-68 шақырым арасы), Құрық-Жетібай (0-40, 40-64 шақырым арасы) трассаларының бірқатар бөліктерін күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Ал орташа жөндеу жұмыстарымен "Самара-Шымкент", "Алматы-Шелек-Қорғас", "Шымкент қаласының айналма жолы" күрежолының учаскелері қамтылды.

Биыл республикалық жол желісі бойынша 3,6 мың шақырым жол қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, 3,4 мың шақырым республикалық маңыздағы жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 8 мың бірлік арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдыру көзделген. 

-->