Әртүрлі

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғындарының сертификаты тұрғын үй жинағына аударылды

Халықаралық балаларын қорғау күні қарсаңында Отбасы банк кішкентай салымшыларының жинақтары туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен жылдың күзінде бүкіл ел Қазақстанның 20 миллионыншы азаматтары атанған балаларды құттықтағаны белгілі. Сол кезде дүниеге келген қазақстандықтар мен олардың ата-аналарын Отбасы банк те қолдады. Әр балаға номиналы 2 млн теңге болатын сертификаттар табысталды. Жаңа туылған балалардың ата-аналары аталмыш сертификаттарды іске қосып, қаражатты жинау және одан әрі баспана сатып алу үшін сәбилердің жинақ шоттарына ақша аударғаны белгілі болды. Арасындағы бір отбасы төртінші бала болып туған ұлдардың сыйлық қаражатын барлық балаларының арасына әділ бөліп, оларды Отбасы банкіндегі шоттарына аударған.

Осылайша бұл балалар Отбасы банкінің жас салымшыларының қатарын толықтырды. Бүгінгі таңда банкте 18 жасқа дейінгі балаларға 360 000 жинақ шоты ашылған.

Биылғы жылдан бастап Отбасы банк қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға ғана емес, білім алуға да қаражат жинақтауға көмектеседі. Оны AQYL депозитінің көмегімен іске асыруға болады.

Қазіргі таңда Отбасы банктегі AQYL депозитінің ең кішкентай иесі  – Ақтаулық екі апталық нәресте. Ол отбасындағы төртінші бала. Жуырда ғана ата-анасы Отбасы банк көмегімен баспана алып, қоныс тойларын атап өткен. Енді олар болашақта баласының сапалы білім алуы үшін банкте қайта шот ашып, ақша жинауға кіріскен.

AQYL депозитінің ең үлкен салымшысы  – Жаңаөзеннің 60 жасар зейнеткері. Ол жинақталған ақшасын 3 жасқа енді толған немересіне табыстауды көздеп отыр. Әжесі бұл қаражат үйдің кенжесі жақсы білім алуына көмектесетініне сенімді.  

Сондай-ақ, AQYL депозиті көпбалалы отбасылар арасында өте танымал.  Отбасы банкте  бес, алты немесе жеті баласы бар отбасылар білім алу қаражатын өтеуге мақсатталған шоттар ашып жатыр. Мысалы Таразда тұратын ерлі-зайыпты AQYL депозитін ашу бойынша жақында рекорд орнатты. Үш қыз және бес ұл тәрбиелеп отырған отбасы 8 баласының әрқайсысына білім депозитін ашқан.  

Балаларының болашағын өзгелермен салыстырғанда ең көп ойлайтын ата-аналар Шымкентте, Маңғыстау облысы мен Алматыда тұрады екен. Өйткені, дәл осы өңірлерде білім алу депозиттері басқа өңірлерге қарағанда жиірек ашылады екен.  

-->

Осы жылы Отбасы банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болды. Енді біз қазақстандықтарға тұрғын үйге ақша жинап қана қоймай, білім алуға қаражат үнемдеуге де көмектесеміз. Мамыр айындағы соңғы қоңырау кезінде және балаларды қорғау күні қарсаңында біз жаңа өнімімізге деген үлкен сұраныс пен қызығушылықты көріп отырмыз. Күн сайын қазақстандықтар 150-ге жуық білім беру депозиттерін ашады. Төрт айдың ішінде, ақпаннан мамырға дейін, бізде 17 000 AQYL салымшары ашылды. Бұл – ата-аналар ұлдары мен қыздарының болашақ тәрбиесіне саналы түрде қарайды деген сөз. Біздің жаңа өніміміз олардың көңілдерінен шықты. Мысалы, қазір Отбасы банкіндегі AQYL депозиттерінің бірінде жинақтардың ең көп сомасы 2,4 млн теңгеге тең - деп «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова түсіндіріп өтті.