Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
25 ақпанда Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 25 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұманды болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ал түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
25 ақпанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігін, шығысын, орталығын тұман басады.
Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында жел екпіні 18-23 м/с.
Атырау облысының батысында, шығысында тұманды күн райы болмақ.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігін, оңтүстігін, таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың батысын, шығысын тұман басады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, қар жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, жел екпіні 15-20 м/с.
Түнде Ұлытау облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.