Әртүрлі

Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты 11 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағанды облысында көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің 18 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді.  Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Қостанай облысында көктайғақ, тұман болады. Күндіз облыстың батысында боран соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Қызылорда облысында, орталығында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсуі ықтимал. 

Абай облысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, болады.

 Солтүстік Қазақстан облысында да көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.