Әртүрлі

Еліміздегі құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9 пайызға артты

2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% өсіп, 1 014,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 90% жеке құрылыс компаниялары, 8,2% – шетелдік, 1,8% мемлекеттік мекемелер орындаған.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7,4% артты.

2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру мен денсаулық сақтау саласында 36 мектеп, мектепке дейінгі 7 ұйым және амбулаториялық-емханалық 6 мекеме пайдалануға берілді.