Әртүрлі

Еліміздегі еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытай мен Өзбекстаннан келген

Қазақстанда ресми рұқсатпен 14 130 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, шетелдік жұмысшылардың санаттары мынадай:

басшылар мен олардың орынбасарлары – 549 адам,
бөлімшелердің басшылары – 2 258 адам,
мамандар – 3 786 адам,
білікті жұмысшылар – 904 адам,
маусымдық жұмысшылар – 2 889 адам,
корпоративтік ауыстыру аясында – 3 744 адам.

Шетел азаматтарының көбі құрылыс саласында еңбек етеді. Еңбек мигранттары негізінен келетін елдер:

Қытай – 5 120 адам,
Өзбекстан – 2 478 адам,
Түркия – 1 042 адам,
Үндістан – 1 031 адам.