Әртүрлі

Елімізде жоғары өрт қаупі биыл да сақталады – ТЖМ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл сайын елімізде өрт қаупі кезеңінде мыңға жуық орман және дала өрттері, сондай-ақ халықтың мүлкіне және табиғатқа қауіп төндіретін 4 мыңға жуық табиғи жану тіркеліп келеді. 

Өрттің экологияға келтірген зиянынан басқа, малдың жем-шөп базасы жойылып, дала өрттері елді мекендердегі орман қорына және егіс алқабына нақты қауіп төндірген. Мәселен, 2022 жылы елді мекендердің аумағынан табиғи өрт жағдайының 17 жағдайы тіркелді. 

Өрттен келтірілген залал 18 млрд теңгеден асты және бір жыл ішінде орман өрттерінің жалпы залалының 91 пайызын құраған. Өрттен өткен алаң 39 мың га астам немесе шаруашылық алаңының үштен бірін құрап келді. 

-->

Өткен жылы еліміздің орман қорында 801 өрт тіркеліп, өрттен жойылған алқап 103 мың га құрады. Орман өрттерінің ең көп саны Абай облысында – 263 жағдай, Павлодар облысында – 150, Шығыс Қазақстан облысында – 77, Ақмола облысында – 72, Қостанай облысында 57 өрт оқиғасы орын алды. Былтыр 111 орман өрті тіркеліп, өрттің ауданы 55 мың га болды. Бұл ретте екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, 500 бас мал өртеніп кетті, – деді комитет төрағасы. 

Өрттің экологияға келтірген зиянынан басқа, малдың жем-шөп базасы жойылып, дала өрттері елді мекендердегі орман қорына және егіс алқабына нақты қауіп төндірген. Мәселен, 2022 жылы елді мекендердің аумағынан табиғи өрт жағдайының 17 жағдайы тіркелді. 

Өткен жылдың өрт қауіпті кезеңінде ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың ықтимал теріс салдары ауырлығын көрсетті. Өздеріңіз білетіндей, Қостанай облысында 2022 жылы 2 қыркүйекте Басаман және Семиозерный орман шаруашылықтары аумағында болған ірі табиғи өрт қайғылы мысал болды. Нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 91 тұрғын үй өрттен жойылды, - деді Н. Дербісов.