Әртүрлі

Елімізде жарма өндірісі 28,4%-ға артты

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде күрішті қоса алғанда 145,9 мың тонна жарма өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4% артық, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы кезеңде жарма импорты 27,5% қысқарып, 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы 20,8 мың тоннамен салыстырғанда 15 мың тоннаны құраған. Жалпы ресурстардағы импортталған өнімнің үлесі - 9,4%.

Сондай-ақ жарма экспорты 14,2% азайды, биыл алғашқы алты айда 55,3 мың тонна өнім шетелге жіберілсе, 2023 жылғы қаңтар-маусымда экспорт көлемі 64,5 мың тонна болған.

2024 жылдың алғашқы алты айында ішкі нарықта саудаланған жарма көлемі 105,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2% артық.