Әртүрлі

Елімізде жаңа комитет құрылды

Туризм және спорт министрлігі жанынан жаңа мемлекеттік орган – Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Үкімет қаулысы «Әділет» АҚЖ-да жарияланды.

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің ақпаратына сүйенсек, үкімет Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселесі туралы 4 қыркүйектегі қаулыны бекіткен.

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяны реттеу жөніндегі комитетін бөлу арқылы қайта құрылсын», - делінген құжат мәтінінде.

Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, енді ведомствода Туризм индустриясы комитеті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сондай-ақ жаңадан құрылған Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті жұмыс істемек. Айта кетейік, бұған дейін қыркүйектен бастап Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмыс істей бастағаны хабарланған еді.