Елімізде өзен-теңіз көліктеріне арналған айып тұрағы көбейеді
Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту бойынша қолға алынған жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info ИИДМ-ге сілтеме жасап.
Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанның шағын көлемді флоты 19 мыңға жуық кемеден тұрады. Олардың басым бөлігі Алакөл және Балқаш көлдерінде, Бұқтырма мен Қапшағай су қоймаларында, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауында қатынап жүр.
Осы кемелердің қауіпсіз жүруін Көлік комитетінің аумақтық инспекциялары қадағалап келеді. Министр маусым айынан бастап көлік бақылау инспекциялары «Назар аударыңыз! Шағын флот!» республикалық іс-шарасын өткізуді қолға алғанын жеткізді. Бұл арқылы елімізде шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды жолға қойып, жағалаулардың маңындағы демалу орындарында халықтың қауіпсіздігін сақтау көзделіп отыр. Аталған іс-шара 31-ші тамызға дейін жалғасады.
Жергілікті атқарушы органдарға өтініштерді жіберудің нәтижесінде ұсталған су көліктеріне арналған айып тұрақтары Ақмола, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында құрылды. Алайда Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Абай және Жетісу облыстарында бұл бағыттағы жұмыс кенжелеп тұр. Министр бұл өңірлермен қажетті жұмыс жалғасатынын жеткізді.
-->

Былтыр еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті бақылау үшін 3061 тексеру жұмысы жүргізіліп, оның нәтижесінде шағын кемелерге қатысты 795 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олар жеке құтқару құралдарының болмауы, кемені құжатсыз пайдалану мен басқару, навигациялық белгілердің талаптарын сақтамау, сондай-ақ кемедегі қалдықтар пен басқа да заттарды су айдындарына төгуге қатысты болды, - деді М.Қарабаев.