Елімізде жасөспірім ұлдар қыздарға қарағанда көбірек қаражат алады
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстандағы жасөспірім ұлдар қыздарға қарағанда көбірек қаражат алуға құқылы. Ерлер арасында ең жоғары күнкөріс минимумы 14-17 жас аралығындағы ұлдарда тіркеліп, 62,1 мың теңгені құрады. Ал әйелдер арасында ең жоғары күнкөріс деңгейі 14-17 жас аралығындағы қыздарда тіркеліп, бұл көрсеткіш 47,6 мың теңгені құрады.
Finprom.kz мәліметінше, ең жоғары күнкөріс минимумы Маңғыстау облысында тіркелді - 59,7 мың теңге. Маңғыстаулық көрсеткіш елдегі орташа көрсеткіштен 21,4%-ға жоғары болды.
Сонымен қатар үздік үштікке Астана (53,8 мың теңге) және Алматы (52,3 мың теңге) қалалары енді. Шығыс Қазақстан (51,5 мың теңге) және Алматы облыстары (50,5 мың теңге) да осы топта.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе (44 мың теңге), Қызылорда (44,1 мың теңге) және Түркістан (44,3 мың теңге) облыстарында тіркелді.
Күнкөріс минимумының ең көп өсімі Ұлытау облысында байқалды, ол бір жылда 7,3%-ға өсіп, 49,9 мың теңгеге жетті. Ең аз өсім Атырау облысында тіркелді – небәрі 0,1%-ға, яғни, 46 мың теңгеге дейін ұлғайған.
-->Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстандағы жасөспірім ұлдар қыздарға қарағанда көбірек қаражат алуға құқылы. Ерлер арасында ең жоғары күнкөріс минимумы 14-17 жас аралығындағы ұлдарда тіркеліп, 62,1 мың теңгені құрады. Ал әйелдер арасында ең жоғары күнкөріс деңгейі 14-17 жас аралығындағы қыздарда тіркеліп, бұл көрсеткіш 47,6 мың теңгені құрады.
Барлық жас санатындағы ұлдар мен ер адамдарға арналған күнкөріс минимумы қыздар мен әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Ең үлкен айырмашылық 14-17 жас тобында 30,5% деңгейінде тіркелді, – делінген хабарламада.