Әртүрлі

Елімізде туристер көп баратын ТОП-5 жер белгілі болды

2024 жылы еліміздегі қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметін 9,1 миллионнан астам турист пайдаланған, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Көрсетілген қызмет көлемі 300 млрд теңгеге жетті

Назарларыңызға туристерді ең көп қабылдаған еліміздің ТОП-5 өңірін ұсынамыз.

5-орын — Алматы облысы

2024 жылы Алматы облысына 507,5 мың саяхатшы келген. Қазіргі таңда өңір ішкі туризм бағытында сұранысқа ие орындардың бірі саналады.

4-орын — Шымкент
2024 жылдың қорытындысы бойынша Шымкентке 508 мың турист саяхаттаған. Қала еліміздің тұрақты туристік орталықтарының қатарына кіреді.

3-орын — Ақмола облысы
Бурабай курорттық өңірі мен өлкенің көркем табиғатын 2024 жылы 533 мың турист тамашалаған. Ақмола облысы — ішкі туризм пен экотуризмнің ірі орталығы.

2-орын — Астана
Елорданың іскерлік және оқиғалық туризм әлеуеті жылдан жылға артып келеді. 2024 жылы Астанаға 1,5 млн турист келген.

1-орын — Алматы
Алматы қаласы тағы да туристер арасында ең танымал бағыт ретінде танылды. Қаланың инфрақұрылымы, тау шаңғы курорттары, қолайлы климаты мен табиғаттың әсем үйлесімі мегаполиске 2,3 миллион қонақты тартты.