Әртүрлі

Елімізде 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Темекінің ең төменгі бағасы 820 теңгеге өседі, деп хабарлады Elorda.info Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 15 шілдеде «Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы» өзгертілген бұйрық күшіне енеді.

-->

«Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге көлемінде баға белгіленеді», - делінген хабарламада.