Әртүрлі

Елімізде тағы бір маңызды құжат электрондық форматқа ауыстырылады

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс аясында баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

Министрлік мәліметінше, ата-аналар бұл құжатты баласы бірінші сыныпқа барған кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды.

Министрлік бұл құжатты қағаз жүзінде жүргізу көбінесе оның жоғалуына немесе өзекті деректерді жоғалтып алуға, емханаларда ұзақ күтуге әкелгенін хабарлады. Осы проблемаларды шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа ауыстыруға кіріскен. EGov Mobile-мен электрондық паспортты интеграциялау процесі 2024 жылғы тамызда аяқталады деп жоспарланған.

-->

«Баланың денсаулық паспорты денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат болып табылады», - делінген хабарда.