Әртүрлі

Елімізде тағы бір комитет құрылды

Үкімет «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдап, соның нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын», - делінген премьер-министр Олжас Бектенов 11 қыркүйекте қол қойған қаулыда.

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді. 

Өзгерістерден кейін Ішкі істер министрлігінің құрамы былай өзгерді: 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы; 

Әкімшілік полиция комитеті; 

Көші-қон қызмет комитеті; Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті; 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.