Әртүрлі

Елімізде пилотсыз көлік құралдарын пайдаланудың заң актісі қабылданады

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Вице-министрдің сөзінше, елімізде аэрохабтарды дамыту жұмысы басталды. 

«Елдің алты әуежайында, атап айтқанда  Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе қалаларында арнайы экономикалық аймақтар енгізіліп, инфрақұрылымды жаңғырту шараларымен кедендік рәсімдері жеңілдету жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Пилотсыз көлік құралдары ғылым мен техниканы дамыту, жоғары перспективті бағыттардың бірі болып табылады. Алайда пилотсыз көлік құралдарын пайдалану бойынша құқықтық шеңбер нақты айқындалмаған.  Пилотсыз құралдардың қызметін одан әрі нысаналы реттеудің негізін қалыптастырудың мақсатында министрлік қолданыстығы заңнамалық актіге түзетулер енгізді»,- деді Мақсат Қалиақпаров.

Вице-министр жыл соңына дейін  пилотсыз көлік құралдарын пайдалану туралы заң актісі қабылданатынын айтты. 

«Түзетулер алдын ала барлық мемлекеттік органмен келісілді. Жыл соңына дейін қабылдайтын боламыз. Пилотсыз көліктерді қолдану тиісті инфрақұрылымның болуын талап етеді. Осыған байланысты пилотсыз көліктер арқылы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін «smart» жолдарды салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қазір пилотсыз жүк тасымалын Қазақстан - Қытай шекарасында қолдану бойынша жұмыс қолға алынды, - деді ол.