Елімізде крематорийде өртелген адамдардың күлі қалай жерленеді?
Қазақстанда крематорийлердің салынуына байланысты «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына» өзгерістер енгізілмек, деп хабарлады Elorda.info.
Қағиаларда крематорийде өртелген адамдардың күлін сақтау және жерге беру тәртібі айқындалған.
Қайтыс болған жандардың күлі сақталатын зират колумбарий деп аталады. Ал күлдің өзі арнайы жерлеу урнасына салынып көміледі. Колумбарий қолданыстағы зираттардың ішіне салынбайды. Ол үшін кәдімгі зират секілді арнайы жер учаскелері бөлініп, жеке салынады. Колумбарийдің ашық және жабық түрлері болады:
ашық – ұяшықтары бар қабырғалар ашық аспан астындағы зираттарда орналасқан;
жабық – ғимараттардың ішіне орналастырылған.
Күлі бар урнада қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және кремацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Еске салайық, Алматыда крематорий құрылысы аяқталғанымен, ол әлі іске қосылған жоқ.
-->Қағиаларда крематорийде өртелген адамдардың күлін сақтау және жерге беру тәртібі айқындалған.
Қайтыс болған жандардың күлі сақталатын зират колумбарий деп аталады. Ал күлдің өзі арнайы жерлеу урнасына салынып көміледі. Колумбарий қолданыстағы зираттардың ішіне салынбайды. Ол үшін кәдімгі зират секілді арнайы жер учаскелері бөлініп, жеке салынады. Колумбарийдің ашық және жабық түрлері болады:
ашық – ұяшықтары бар қабырғалар ашық аспан астындағы зираттарда орналасқан;
жабық – ғимараттардың ішіне орналастырылған.
Күлі бар урнада қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және кремацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Колумбарийдің қабырғалары жерлеу урналарын сақтау қызметін атқарады. Колумбарлық тауашаның мөлшері күл салынған урнаның пішініне, көлеміне және берілген сыйымдылығына байланысты және 400*400*300 мм құрайды, – делінген құжаттың жаңа мазмұнында.