Әртүрлі

Елімізде көлік саны 6 миллионнан асты

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 176 мың бірлікті құрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде 86,5%-ы жеңіл автомобильдер, 9,7%-ы жүк көліктері, 1,9%-ы автобустар, ал 1,9%-ы мотоциклдер.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап жылдамдығы 50 км/сағ дейінгі мотоқұралдарды міндетті тіркеу жүйесі енгізілген болатын. Бұл өзгеріс нәтижесінде сәуір айында 18,6 мың мотокөлік тіркеліп, жалпы тіркелген мотокөлік саны 115,8 мыңға жетті.