Елімізде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Бүгін еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқу-жаттығудың тақырыбы – «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасты. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі Р.Камалов.
Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.