Әртүрлі

Елімізде инженерлік желілердің 49 пайызы тозған – министр

Бұл туралы бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазіргі таңда еліміз бойынша инженерлік желілердің ұзындығы шамамен 137 мың км құрайды. Бүгінгі таңда орташа тозу деңгейі – 49 пайыз. Ал 67 км ауыстыру қажет. Ең көп тозған жерлер Қарағанды, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Республикалық бюджеттен су және су желілерін салу қайта жаңарту үшін 176 млрд теңге қарастырылған. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейін тозған желілерді 40 пайызға төмендету жоспарланған», - деді министр.