Елімізде интернет алаяқтарына алданғандар саны артты
Қазақстанда 10 интернет-алаяқтың жетеуі жазадан құтылып кетеді, деп хабарлады Elorda.info.
Сарапшылардың айтуынша, киберқылмыс Қазақстандағы алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды, деп жазады Qazaqstan.tv.
2018 жылдан бері елімізде интернет-алаяқтық фактілері азайған. Алайда 2022 жылы интернет алаяқтарға 36 мыңнан астам адам алданып қалған.
2023 жылы киберқылмыс қайтадан өршіген. Қаңтар-ақпан айларында құқық қорғау органдарына онлайн-алаяқтардың арбауына түскен 3 400 адамнан өтініш келіп түскен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп.
-->Қазақстанда 10 интернет-алаяқтың жетеуі жазадан құтылып кетеді, деп хабарлады Elorda.info.