Елімізде этникалық қазақтар үшін оқу талабы жеңілдетілді
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отандастар қоры» КеАҚ шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге биылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады, деп хабарлады Elorda.info ведомствоға сілтеме жасап.
Министрлік этникалық қазақ талапкерлер үшін жаңадан енгізілген талаптарды жариялады. Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды. Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән). Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды. Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.
-->Министрлік этникалық қазақ талапкерлер үшін жаңадан енгізілген талаптарды жариялады. Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды. Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән). Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды. Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.
«Осы ретте, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ үміткерлер, құжаттарыңызды тапсыруға асығыңыздар. Натижелер республикалык, мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады», - делінген хабарламада.