Әртүрлі

Елімізде электрлі көліктер саны артты

2024 жылғы қарашада есепке 168,3 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде жеңіл автомобильдер 5,2%-ға артты, жүк автомобильдері 31%-ға артты және автобустар 14,4%-ға кеміді.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5694,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88%-ды жеңіл автомобильдер, 9,9%-ды жүк автомобильдері және 2,1%-ды автобустар.

Алғаш рет тіркелген жаңа жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады. Жаңа автомобильдердің ең көп саны тіркелген:

Алматы қаласында – 6 351;

Астана қаласында – 4 300;

Шымкент қаласында – 3 416;

Алматы облысында – 2 869.

Сонымен қатар өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл көліктер саны 1,6 есеге артты. Электр көліктерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген: Алматы қаласында - 7 157 бірлік, Астана қаласында - 1 464 бірлік, Алматы облысында - 621 бірлік.