Елімізде «Балажан: ата-аналардың еріктілігі» акциясы басталды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 27 мамыр – 3 маусым аралығында елімізде «Балажан: ата-аналардың еріктілігі» акциясы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оған білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық қолдау орталықтарында жаттыққан белсенді ата-аналар қатысып жатыр.
Оның мақсаты – жайлы білім беру ортасын қалыптастыру үшін ата-аналар мен педагогтердің ынтымақтастығын құру.
Акция бағдарламасына отбасылық іс-шаралар, шеберлік сыныптары, спорттық сайыстар, тренингтер, шығармашылық байқаулар, ойындар, диалог алаңдары, квесттер, кеңес берулер, жеке сессиялар мен басқа да көптеген шаралар енгізілген.
Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап еліміздің білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеуде. Бұл орталықтарға бүгінге дейін 3,7 млн қазақтандық ата-ана қатысып, оқу-жаттығудан өтті.
-->Оған білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық қолдау орталықтарында жаттыққан белсенді ата-аналар қатысып жатыр.
Оның мақсаты – жайлы білім беру ортасын қалыптастыру үшін ата-аналар мен педагогтердің ынтымақтастығын құру.
«Ата-аналар өздерінің өмірлік тәжірибелерін, білімдерін, жақсы қасиеттерін балалардың бойына сіңіре алады. Іс-шара аясында олардың кәсіби және жеке тәжірибелерін пайдалана отырып, балалармен көбірек жұмыс істеуіне көңіл бөлуді ұсынып отырмыз», - дейді «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Есенғазы Иманғалиев.