Елімізде 8 млн тоннадай шөп дайындалды
Биыл фермерлер 8 млн тонна шөп дайындады, бұл жоспарланған 25 млн тоннаның шамамен 32%-ы, деп хабарлады Elorda.info.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, биылғы ауа райы көптеген өңірлерде жемшөп дайындау үшін қолайлы болған. Дегенмен Ақмола, Түркістан және Жамбыл облыстарынан басқа, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қысқа дайындық қарқыны төмен.
Оның айтуынша, Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарлары санының өсуіне қарамастан, шөп дайындау жоспары қандай да бір себептермен өткен жылдың деңгейінде қалып отырғанын атап өтті. Ол әкімдіктің назарын алдағы қыстауға қолда бар мал басын 100% азықпен қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.
Айта кетейік, биыл өңірлердің жем-шөп шығындарын субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді.
-->Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, биылғы ауа райы көптеген өңірлерде жемшөп дайындау үшін қолайлы болған. Дегенмен Ақмола, Түркістан және Жамбыл облыстарынан басқа, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қысқа дайындық қарқыны төмен.