Елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар
Қазіргі таңда елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, олардың барлығында құтқарушылардың кезекшілігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан азаматтар өз қауіпсіздігіне мүдделі болуы керек. Тиісті жүзу дағдыларын меңгермеген болса, суға шомылмағаны дұрыс.
Тыйым салынған жерлерде және мас күйінде шомылғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін (ӘҚБтК–нің 412-бабы су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 7 АЕК мөлшерінде, ӘҚБтК-нің 440-бабы алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 АЕК мөлшерінде) атап өтті.
-->