Әртүрлі

Елімізде 251 ауылға Интернет желісі қосылды

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің айтуынша, 1463 ауылда Интернет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл жүргізілген жұмыс көрсеткішінің 14,4 процентке артқанын көрсетеді. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға қарай, тағы 250 ауылдық елді мекенді Интернетпен қамту көзделіп отыр.

Бағдат Мусин сондай-ақ, байланыс операторларына қатысты айыппұлдарға тоқталды. Оның айтуынша, айыппұлдардың ұлғаюы операторлардың «нұсқаманы» сақтауының 33%-тен 65% - ке дейін өсуіне әсер етті. 2023 жылы 3 млрд 18 млн теңгеге айыппұл салынды және жоспардан тыс 763 тексеру жүргізілді.

Қазіргі уақытта байланыс операторлары 800-ге жуық 5G базалық станциясын орнатты. Мысалы, Астанада 137, Алматыда 349, Шымкентте 116 базалық станция орнатылды.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы 2024-2027 жылдар аралығында іске асырылады. Жоба аясында халық пен бизнесті жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2027 жылы тұрғын үй желілері кең жолақты Интернетпен 100%-ке дейін қамтылады деген болжам бар.

-->

Биыл 176 ауыл KazSat Интернет спутнигіне қосылған. Өздеріңіз білетіндей, біз пилоттық режимде Starlink арқылы 10 мектепті Интернетпен қамтамасыз еттік. 2024 жылы 2000 мектепті қамту жоспарлануда. Биыл 3000 базалық станция орнатылды. Бүкіл ел аумағы бойынша 723 5G базалық станция іске қосылды, - деді министр.