Әртүрлі

Елімізде 150-ден астам азамат көші-қон заңнамасын бұзған

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 150-ден астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнда 14 қазаннан бастап заңсыз көші-қонға қарсы бағытталған «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Үш күннің қорытындысы бойынша облыс аумағында көші-қон заңнамасының 152 рет бұзылғаны анықталды.

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 14 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 13 құқық бұзушы елден шығарылуға шешім қабылданды.

«Одан бөлек, төрт шетелдік қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды», -  деді Павлодар облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Александр Кузьменко.

«Мысалы Павлодар қаласының Лесная – Казправда көшесі бойындағы құрылыс нысанында шетел азаматтарының заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Сонымен қатар Ақсу қаласында сауда үйінің аумағында жақын шетел азаматының заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісі тіркелді. Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, істер сотқа жолданды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге де әкімшілік шара қолданылды. Павлодар облысында полиция аймақ тұрғындары мен қонақтарын көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады», - деп жазылған хабарламада.