Елімізде 1 наурызға қараған түні уақытты ауыстыруы мүмкін
Еліміздің бүкіл аумағына UTC+5 белдеуін қолдану ұсынылады. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады, - делінген құжат мәтінінде.
Жобаны қоғамдық талқылау 22 желтоқсанға дейін жалғасады.