Елім үшін қандай еңбек сіңіре аламын? – Бибинұр Жүзбаева
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін дәлелдейтін маңызды белес. Бұл туралы Астанадағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Бибинұр Жүзбаева айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің өркендеп дамуы үшін жастарымыздың бәсекеге қабілетті болуы абзал.
Сөз соңында мектеп мұғалімі жылы лебізін білдірді.
-->Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін оны сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – әр қазақ үшін үлкен борыш. Осы тұста мені «Елім үшін қандай еңбек сіңіре аламын?», - деген сауал толғандырады. Ойланып қарасам, ол үшін менде үлкен мүмкіндік бар екен ғой. Ұстаздық ұлы жолға жетелеген анама алғыс! Осы еңбек жолы арқылы келер ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін насихаттап, олардың бойларына патриоттық рух сіңіріп, нағыз ұлтжанды ұландар тәрбиелеуге үлес қоса алады екенмін ғой деп қуанамын. Бұл сөзбен айтқандай оңай емес. Алдымен өзімнен бастау алуым қажет. Өзімнен «Отаным, қазағым!», - деген рухтың иісі аңқымай, шәкірттеріме патриоттық сезімнің иісін сездіре алмасым анық, - деді мектеп мұғалімі.
Еліміздің өркендеп дамуы үшін жастарымыздың бәсекеге қабілетті болуы абзал.
Ол үшін біз – ұстаздар оқушыларымызға сапалы білім беруіміз маңызды. Өзгені оқыту үшін өзіміз де үздіксіз оқып, тынымсыз еңбек жолында болуымыз керек. Сонда ғана жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беруге өз үлесімізді қоса аламыз. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, ұстаз жолы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік деңгейде білім беру жүйесін биікке көтеру өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаздардың қолында, - деді Бибинұр Жүзбаева.
Сөз соңында мектеп мұғалімі жылы лебізін білдірді.
Ендігі арман-мақсатым - еліміздің жастарын оқытуда адал еңбек етіп, алдымнан «Қазағым!», - деп ұрандайтын азаматтардың өткенін көру. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақ елі ғұмырлы болсын! – деп сөзін түйіндеді педагог.