Әртүрлі

Елдің оңтүстігінде бәйшешек гүлдеді (видео)

Бұл туралы гид әрі фотограф Тимур Байғұлов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Фотограф жариялаған видео Қазығұрт тауының етегінде түсірілген.

«Бізде қыс әлі бітпеді. Бірақ Түркістан облысында бәйшешек гүлдей бастады. Қараңыздаршы қандай әдемі», - деді Тимур Байғұлов.

 Желі қолданушылары бәйшешектің гүлдегенін көрсеткен фотографқа алғысын айтуда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Тимур Байгулов (@timur_baigulov)