Әртүрлі

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын көктайғақ болады

Синоптиктер ел аумағындағы бүгінгі ауа райына болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info

«Қазгидромет» РМК  қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын мәлімдеді. 

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, - деп жазды ауа райын болжау орталығы.

Сонымен қатар елдің батыс облыстарында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел аумағында тұман, күшті жел,  елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

 Шымкент, Алматы қалаларында  ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары  күтіледі.