Елдегі өрт сөндіру техникалары жаңартылады
Бұл туралы ҚР ЭТРМ Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқармасының басшысы Ануарбек Бермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Елімізде қолданылып жатқан өрт сөндіру техникалары 80-90 жылдары шығарылған. Ал ереже бойынша мұндай техника әр 7 жыл сайын қолданыстан шығарылуға тиіс. Биыл Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары өңірлерде тексеріс жүргізіп, 158 тозған техниканы анықтаған.
Ануарбек Бермағамбетовтің мәлімдеуінше, тексерістен кейін 121 автокөлік жөндеуден өткізіліп, іске қосылған.
-->Елімізде қолданылып жатқан өрт сөндіру техникалары 80-90 жылдары шығарылған. Ал ереже бойынша мұндай техника әр 7 жыл сайын қолданыстан шығарылуға тиіс. Биыл Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары өңірлерде тексеріс жүргізіп, 158 тозған техниканы анықтаған.
Ануарбек Бермағамбетовтің мәлімдеуінше, тексерістен кейін 121 автокөлік жөндеуден өткізіліп, іске қосылған.
Орманшылар қаражат бөліп, соған тиісті жабдықтар алып жатыр. Оған қарамастан, 2023 жылы жоспар бекітілді. Соның аясында 68,6 млрд теңге қаражат көзделді. Соның ішінде 1 мыңнан астам автокөлік алу мәселесі қарастырылды. Биылды айтатын болсақ, министрлік тарапынан 15,4 млрд теңге қаражат бөлінді. Өрт автокөліктері, тракторлар, патрульдік автокөліктерді сатып алу рәсімдері жүріп жатыр, – деді ол.