Әртүрлі

Елдегі букмекерлік кеңселердің бірі лицензиясынан айырылды

Мемлекеттік кірістер комитетінің өтініші негізінде Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы сәуірде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін «Ringobet.kz» букмекерлік кеңсесін лицензиясынан айырды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Сондай-ақ букмекерлік кеңсеге заң бұзғаны үшін айыппұл салынды.

-->

 

Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының бәсті қабылдау сервері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бойынша болу керек. Кезектен тыс тексеру барысында жоғарыдағы заң талаптарын бұған бірнеше факті анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ букмекерлік кеңсеге заң бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің қызметі туралы лицензия алған кезде жалған ақпарат берілген. Осыған байланысты аталған букмекерлік кеңсе «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 464-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша жалпы сомасы 849 мың теңге көлемінде айыппұл негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды. Министрлік ойын бизнесі және мемлекет мүдделерін қорғау саласындағы құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады, - деп жазылған хабарламада.