Абай облысында жер сілкінді
Абай облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан Ұлттық деректер қоры Ұлттық ядролық орталығына қарасты «Геофизикалық зерттеулер институтына» сілтеме жасап.
Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2025 жыл 23 маусымда Астана уақыты бойынша 01 сағ. 23 мин. (22 маусым Гринвич бойынша 20 сағ. 23 мин.) Абай облысында Үржар ауыланан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
«Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70.»,- делінген хабарламада.